Оның құрметі желіде қызу талқыланып жатыр
Әлеуметтік желіде Айқын Төлепберген мен Жұлдыз Өмірғалидің ұлының бірінші некеден туған әпкесіне көрсеткен құрметі көпшіліктің жүрегін елжіретті деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Видео кадрларынан ұл баланың Айқынның алғашқы некесінен туған қызының туған күнінде мектеп сыныбына арнайы кіріп, оны құттықтағаны көрініс тапқан. Бұл оқиға TikTok желісінде жарияланып, қолданушылар тарапынан жылы пікірлерге ие болды.
«Қыз бен ата-ана арасындағы көпір қайта қаланғандай әсерлі сәт. Нағыз отбасылық жылулық, батыл қадам және жүрекпен жасалған шешім. Құрмет пен махаббат бәрінен жоғары екенінің дәлелі», — деп жазды желі қолданушылары.
Көпшілік бұл сәтті шынайы түсіністік пен жүрекке жеткен мейірімділіктің белгісі ретінде қабылдады. Баланың туған күнінде отбасылық қатынастың сақталуы мен ата-ананың қолдауы – қоғам үшін маңызды құндылық деп есептейді. Бұл әрекетті көптеген ата-аналар үлгі ретінде бағалап жатыр.
Айқын мен Жұлдыз – шоу-бизнес өкілдері ғана емес, көпшілік алдында жиі талқыланатын жұптардың бірі. Мысалы, жақында Берлинге аяқ басқан жұп әйгілі «Берлин қабырғасы» алдында сүйісіп, желіге фотосын салып сынға қалған еді. Одан бұрын Айқын Төлепберген Youtube платформасындағы Зamandas подкастына берген сұхбатында бірінші әйеліңе екінші рет тұрмысқа шығуға тыйым салғанын айтқан болатын. Сол сұхбатта ол шоу-бизнестегі дінге бет бұрған әріптестері туралы да айтты. Ал одан бұрын Әнші Айқын Төлепбергеннің екінші әйелі Жұлдыз Өмірғали шашының нашарлауына байланысты парик киіп жүруге мәжбүр болғанын жеткізді.