$ 514.65  544.6  5.17
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Айқынның екінші әйелі бір жылдан бері парик киіп жүргенін айтты

Ол парикті не үшін киіп жүргенін айтты

Айқынның екінші әйелі бір жылдан бері парик киіп жүргенін айтты
Фото: Instagram/zhuldyzomirgali_official

Әнші Айқын Төлепбергеннің екінші әйелі Жұлдыз Өмірғали шашының нашарлауына байланысты парик киіп жүруге мәжбүр болғанын айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ол түсірілімдерде жағылатын неше түрлі бояулар шашына зиян келтіретінін қозғап өтті.

«Шашыма қатысты өз ойыммен бөлісе отырайын. Соңғы бір жылда менің түсірілімге қажетті құралдарымның бірі парик болып кетті! Себебі, қанша түсірілім болса, сонша рет шашқа фен/плойка/выпрямитель/гафре не сондай термический зақым келтіретін құралдар пайдаланады, ол жерде лак не гель туралы айтып та тұрған жоқпын. Бұның барлығы, әрине кері әсерін алып келеді. Шаш ұштанады, сынады, әлсізденіп, реңі кетеді», - дейді Айқын Төлепбергеннің әйелі.

Ол өз сөзінде көпшілік тарапынан сұрақ болмас үшін жауап беріп отырғанын айтты.

«Ұзын шашты қаласаңыз, жоғарыда айтылып кеткеннің бәрін аз мөлшерде пайдаланыңыз. Ал мен ай сайын шашымды бояп тұруым керек, себебі ақ түсті шашыма және неше рет «осветление» жасадым, бәрі-бәрі көңіл күйді түсіреді.

Қазіргі таңда осы парик арқылы, шашым жақсы бір қалыпқа келіп қалды. Сондықтан, көп сұрақ туындамас үшін жауап беруді жөн көрдім», - дейді Жұлдыз Өмірғали.

Серіктес жаңалықтары