Елімізде 18 мамырда күн салқындайды
Батыста антициклон сілемінің әсерінен ауа райы жауын-шашынсыз болады деп болжанып отыр

Қазақстанның солтүстігінде, орталығында және оңтүстік-шығысында белсенді циклонның әсерінен найзағай ойнап, қатты жаңбыр, бұршақ жауып, жел күшейеді. Барлық өңірде дерлік ауа температурасы төмендейді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Батыста антициклон сілемінің әсерінен ауа райы жауын-шашынсыз болады деп болжанып отыр.
Шығыс Қазақстан, Абай облыстарында күндіз 35-37 градус ыстық сақталады.
Күндіз Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігі мен Абай облысында 40 градусқа дейін өте қатты ыстық сақталады.
Қалалар бойынша температура болжамы
Астанада көшпелі бұлт шығады, жаңбыр жауады, күн күркірейді, күндіз қатты жаңбыр, бұршақ жауады, дауыл соғады. Солтүстік-шығыстан 9-14 м/с жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 13-15, күндіз 15-17 градус нөлден жоғары.
Көкшетауда көшпелі бұлт шығады, жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстіктен 7-12 жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с. Ауа температурасы түнде 10-12, күндіз 14-16 градус жылы.
Алматыда көшпелі бұлт шығады, күндіз жаңбыр жауады, кей уақытта қатты жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, бұршақ жауады, дауыл соғады. Батыстан соғатын желдің күші 3-8, найзағай кезінде екпіні 18-23 м/с. Ауа температурасы түнде және күндіз 23-25 градус жылы.
Қонаевта күндіз көшпелі бұлт шығады, жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, бұршақ жауады, дауыл соғады. Батыстан соғатын желдің күші 9-14, күндіз екпіні 15-20, кей жерлерде 25 м/с. Ауа температурасы түнде 20-22, күндіз 24-26 градус жылы.
Талдықорғанда көшпелі бұлт шығады, күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 7-12, күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 16-18, күндіз 21-23 градус жылы.
Шымкентте көшпелі бұлт шығады, түнде және таңертең қысқа мерзімді жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Батыс, оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 8-13, екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 18-20, күндіз 25-27 градус жылы.
Түркістанда көшпелі бұлт шығады, түнде қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кейде шаңды дауыл соғады. Батыс, оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 8-13, екпіні 15-20, күндіз 23 м/с. Ауа температурасы түнде 19-21, күндіз 26-28 градус жылы.
Оралда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан 9-14 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 8-10, күндіз 23-25 градус жылы.
Атырауда күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік жел оңтүстік-шығыстан түнде 0-5, күндіз 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде 13-15, күндіз 27-29 градус жылы.
Ақтауда ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан 7-12 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 13-15, күндіз 22-24 градус жылы.
Ақтөбеде көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік, солтүстік-батыстан 7-12 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 9-11, күндіз 21-23 градус жылы.
Қостанайда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік, солтүстік-батыстан 9-14 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 7-9, күндіз 16-18 градус жылы.
Петропавлда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік, солтүстік-батыстан соғатын жел түнде 9-14, күндіз 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 8-10, күндіз 15-17 градус жылы.
Павлодарда күндіз көшпелі бұлт шығады, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан 9-14, күндіз екпіні 15-20 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 13-15, күндіз 16-18 градус жылы.
Қарағандыда көшпелі бұлт шығады, таңертең және күндіз жаңбыр жауады, кей жерлерде қатты жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батыстан 8-13, күндіз екпіні 17 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 14-16, күндіз 20-22 градус жылы.
Жезқазғанда көшпелі бұлт шығады, түнде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз дауыл тұрады. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады – 9-14 м/с, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с, екпіні 23 м/с. Ауа температурасы түнде 13-15, күндіз 17-19 градус жылы.
Өскеменде көшпелі бұлт шығады, найзағай ойнап, күндіз жаңбыр, бұршақ жауады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады – 9-14 м/с, күндіз екпіні 18-23 м/с. Ауа температурасы түнде 20-22 жылы, күндіз 35-37 градус ыстық.
Семейде күндіз көшпелі бұлт шығады, жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады – 9-14 м/с, күндіз екпіні 17-22 м/с. Ауа температурасы түнде 18-20, күндіз 30-32 градус жылы.
Қызылордада көшпелі бұлт шығады, түнде жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, дауыл соғады. Күндіз шаңды дауыл соғады. Солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 9-14, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 15-17, күндіз 25-27 градус жылы.
Таразда көшпелі бұлт шығады, түнде және таңертең жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, бұршақ жауады, дауыл соғады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 9-14 м/с, екпіні 15-20 м/с, күндіз кей уақытта 23-28 м/с. Ауа температурасы түнде 18-20, күндіз 26-28 градус жылы.