27 мамыр күні Алматыда «Алтын Ханым» байқауы өтеді
27 мамыр күні Алматыда өтетін «Алтын Ханым» байқауы қазақ әйелінің рухани күші мен даралығын паш ететін ерекше мәдени шара болмақ. Республика сарайында өтетін бұл кеште сахна мен көрермен арасында шынайы байланыс орнайды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Белгілі продюсер Баян Алагөзова Instagram парақшасында қызы Алманың Raim-ның шығармашылығына ерекше ықыласы барын бөлісті.
«Сенсеңіздер де, сенбесеңіздер де, Алма қызым Raim-ның әндерін тыңдамаса, тамақ ішпейді. Алдымен оның «Самая вышка» клипін қою керек. Содан кейін барып қызым аузына қасық апарады. Яғни, «Алтын Ханым» байқауында Алма қызымның сүйікті орындаушысы Raim хедлайнер болады. Ал Алиса қызым – кітаптың фанаты», – дейді Баян көлікте отырып түсірген сторизінде.
Байқауды ұйымдастырушылардың сөзінше, бұл жай ғана сұлулық сайысы емес. Бұл:
Естеріңізге сала кетсек, бұл конкурсты продюсер Баян Алагөзова ұйымдастырып жатыр. Жуырда ол баланың тұсауын кесемін деп жұрттың сынына ұшыраған еді. Сонымен қатар Танымал продюсер Баян Алагөзова өзінің шығармашылық концертінде киген киіміне қатысты көпшілік тарапынан да сынға тап болды.