Желіде қалыңдыққа орамал таққаны туралы видео жарияланды
Желіде тұрмысқа шыққан қалыңдықтың тек орамал ауыстырғаны жөнінде видео тарады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Видеоға назар аударсақ, қалыңдыққа сырға салынбай, тек басындағы орамалын ауыстырғанын көреміз.
Ал желі қолданушыларының сөзіне сүйенсек, оқиға Қазақстанның батыс өңірлерінің бірінде болған.
Видеода желіде тарап, жұртшылық түрлі пікір қалдырды. Бірі оны салт-дәстүрдің бір бөлігі екенін айтса, енді қыз баланың намысын таптау деп санайтынын айтты.
«Ең дұрыс салт осы. Бұрын тұрмыста болса да ұялмай сырға салдырып ұзатылып жатыр», «Бірінші көруім, қазақ шіркін дана халыққой. Бірақ өкінішке қарай, бұл салтты біз жақта ұстамайды екен», «Екінші рет тұрмысқа шықтым сырға салып алды шүкір. Қыздар, өз құндарыңды біліңдер. Екінші рет қалай болса, солай ала салмасын», - деп жазды желі қолданушылары.