$ 510.58  571.8  6.34
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Өздері шақырып, өздері шағымнан бас тартады»: Лепеха үнсіз қалатын әйелдерге үндеу жасады

Отбасындағы агрессорларға қатысты бақылау күшейді, бірақ зардап шегушілердің үнсіздігі мәселені ушықтырады

«Өздері шақырып, өздері шағымнан бас тартады»: Лепеха үнсіз қалатын әйелдерге үндеу жасады
Фото: Azattyq Ruhy

Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха отбасылық агрессорларға қатысты шектеулер мен жауапкершілік туралы айтты. Полиция тарапынан бақылау жүргенімен, жәбірленушілердің үнсіз қалуы басты кедергі екен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Мәжілісте Игорь Лепехаға редакция тілшісі тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесіне қатысты сұрақ қойды. Оған сот шешімімен агрессорларға арнайы шектеулер қойылатынын, бірақ олардың бұрынғы жұбайлары мен отбасына қысым көрсетуі жалғасып жатқанына қатысты сұрақ қойылды.

«Сот агрессорға қатысты арнайы талаптар мен шектеулер белгілейді. Бұл талаптарды бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған», – деді ол.

Лепеханың айтуынша, агрессор профилактикалық бақылауда болған кезеңде учаскелік инспектор оларды тұрақты бақылап отырады, бірақ тәртіп бұзу фактісін полиция көбінесе жәбірленуші немесе куәгердің айтуымен ғана анықтай алады.

«Полиция көршілермен, жәбірленуші әйелмен сөйлеседі. Бірақ көп жағдайда әйел полицияны өзі шақырып, кейін кешіріп, шағым түсіруден бас тартады. Бұл – негізгі мәселе», – деді министрлік өкілі.

Игорь Лепеха өткен жылы қабылданған заңға сәйкес, отбасылық зорлық-зомбылық фактісі бойынша тараптардың келісімі негізінде істі тоқтату енді мүмкін емес екенін атап өтті. Бұрын бұл жағдайлар әкімшілік заң аясында қаралса, қазіргі таңда қылмыстық-процессуалдық кодекске сәйкес қаралып жатыр.

Серіктес жаңалықтары