Абай облысында соңғы төрт айда жүздеген жол апаты болды

Автор: Мөлдір Қазыбай

Салдарынан 366 адам түрлі жарақат алды.

Фото: Абай облысы ПД/Видеодан скрин

Абай облысында жыл басынан бері жол апатынан қанша адам қаза болғаны анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, 2025 жылдың 4 айының қорытындысы бойынша өңірде 248 жол-көлік оқиғасы тіркелді (2024 жылы – 264). Салдарынан 10 адам қаза тауып, 366 адам түрлі жарақат алды.

«Апаттардың негізгі себептері өзгеріссіз қалып отыр – жылдамдықты арттыру, ара қашықтықты сақтамау, жауапсыз маневрлер», - делінген облыстық ПД хабарламасында.