14.05.2025, 23:02
Жаңалықтар
Ұлттық экономика вице-министрі тағайындалды
Ол осыған дейін ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы болған
Фото: Ұлттық экономика министрлігі
Ұлттық экономика вице-министрі қызметіне Жандос Нұрланұлы Шаймарданов тағайындалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
1987 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Йорк университетін (Ұлыбритания), IE университетін (Испания) бітірген.
- Еңбек жолын 2009 жылы ҚР Экономика және жоспарлау министрлігінде бас сарапшы қызметінен бастаған.
- 2010-2013 жылдары – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ АҚ менеджері.
- 2013-2014 жылдары – ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Мемлекеттің міндеттемелерін басқару және қаржы секторын дамыту саясаты басқармасының бас сарапшысы.
- 2014-2016 жылдары – ҚР Ұлттық экономика министрлігі Стратегиялық жоспарлау және талдау департаментінің директоры.
- 2016-2019 жылдары – Департамент директоры, «Бәйтерек» ҰБХ АҚ басқарушы директоры.
- 2019-2020 жылдары – «QazTech Ventures» АҚ басқарма төрағасы.
- 2020-2022 жылдары – ҚР Ұлттық банкі Ақша-несие саясаты департаментінің директоры.
- 2022-2023 жылдары – ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының басшысы.
- 2023-2025 жылдары – ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы.
Көп оқылған
27.09.2026, 13:00
Каспийдегі әскери оқу-жаттығу кезіндегі оқиғадан аман қалған әскери қызметшілер марапатталды
27.09.2026, 07:33
27 қыркүйекте Қазақстанда ауа райы қандай болады?
27.09.2026, 08:24
Қазақстандық жеңіл атлет Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды
Бүгін, 12:40
«Қаралы күн, біз үшін өліп пе?»: сарбаздардың рухына тіл тигізген ер адам қамауға алынды (ВИДЕО)
27.09.2026, 06:08
Азия ойындарының жетінші күнінде Қазақстан бес қола медаль жеңіп алды
27.09.2026, 14:17
Теңізде отырған ана туралы видео Каспийде түсірілмеген