Қазақстанның төрт қаласында ауа сапасы нашарлайды

Автор: Асыл Арман

Синоптиктер болжамы жарияланды

Фото: istockphoto.com

«Қазгидромет» РМК синоптиктері 14 мамырда еліміздің төрт қаласында ауа сапасы нашрлайтынын мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«2025 жылғы 14 мамырда Алматы, Астана, Жезқазған, Балқаш қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі», - деп хабарлады синоптиктер.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.