$ 510.06  566.32  6.32
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Түркияның әуе компаниялары шыдамсыз жолаушыларға айыппұл салады

Бұл өзгеріс ұшақ әбден қонбайынша орнынан тұрған жолаушыларға қатысты 

Түркияның әуе компаниялары шыдамсыз жолаушыларға айыппұл салады
Фото: istockphoto.com

Түркияның Азаматтық авиация бас басқармасының (SHGM) жаңа құжатына сәйкес, түрік әуе компаниялары ұшақ әбден қонбай тұрып орнынан тұратын, жолжүк сөрелерін ашатын немесе бортсеріктердің ескертулеріне құлақ аспайтын жолаушыларға айыппұл салуға құқылы, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Turkish Airlines әуе компаниясы өз бортсеріктеріне жаңа ережелер туралы жолаушыларды міндетті түрде хабардар етуді тапсырған. Компания өкілі жаңа шаралардың тек тәртіпті сақтау үшін емес, сонымен қатар қауіпсіздік мақсатында да еніп жатқанын атап өтті.

«Ұшақ әбден қонбай тұрып орнынан тұрып кететін немесе сөмкесін алуға тырысатын адамдар көп жағдайға оқыс оқиғаларға себеп болады. Сондықтан бұл ереже – қауіпсіздікті қамтамасыз етудің бір бөлігі», - деді Turkish Airlines өкілі.

Құжат нақты бір айыппұл көлемін жазбаған, бірақ айыппұл Түркияның азаматтық авиация саласындағы ережелерге сай салынады деген ақпарат бар. 

Серіктес жаңалықтары