Әншінің концерттерінің біріндегі видео тарады
Әнші Ерке Есмаханның бойдақ кезде 16 жастағы мектеп оқушысымен сахна үстінде тұрып сөйлескен видеосы тарады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оқиғаның қай өңірде болғаны белгісіз. Әнші концерт үстінде тыңдарманының бірімен тілдеседі.
«Кетеміз Алматыға, өзіммен алып кетемін. Дайынсың ба? Сенімдісің бе? Қанша жастасың? 16-да? Әлі мектеп бітірген жоқсың ба? Күтемін онда сені», - дейді Ерке Есмахан концертте Нұрсұлтан есімді оқушыға.
Алайда әншінің бұл әрекеті жұрттың көңілінен шыға қойған жоқ. Осыған қатысты түрлі пікір қалдырды.
«Жас балаларға қырғидай тиіпті», «Осы әртістер неге сахна мәдениетін ұстамайды?», «Кішкентай бала емес пе?», «Саған жас балалар ғана ұнайды екен», - деп жазды желі қолданушылары.