Екі көзім көрмейді деп алдап келген Паралимпиада чемпионы спорттан өмір бойына шеттетілді
Паралимпиада чемпионы болған дзюдошының екі көзі көретін болып шықты

Әзербайжанның екі бірдей парадзюдошысы көзім көрмейді деп әлем жұртшылығын алдап келгені анықталды. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Oxu.Az басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
2021 жылғы Токио Паралимпиада ойындарының жеңімпазы Шахана Гаджиева көру қабілеті жартылай бұзылған дзюдошыларға (J2 категориясы, 52 келі) медициналық классификациядан өте алмады. Оның көру қабілеті бұзылмағаны, көзі қалыпты жағдайда көретіні белгілі болды. Осы ісі үшін 24 жастағы спортшы парадзюдо жарыстарынан өмір бойына шеттетілді.
Сондай-ақ, медициналық тұрғыдан мүлдем көрмейтін спортшы (J1) санатына жатқызылған Эльнара Низамлидің көзі белгілі бір деңгейде көретін болып шықты. Осы себепті ол 60 келі салмақ дәрежесінде J1 емес, J2 (жартылай көру қабілеті) санатына ауыстырылды.