ШҚО-да ер адам сүйіктісімен кездесуге барамын деп түрмеден бір-ақ шықты

Автор: Мөлдір Қазыбай

Сот үкімімен ол бас бостандығынан айырылды

Фото: istockphoto.com

Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны сүйіктісімен кездесемін деп түрмеден бір-ақ шықты. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Өскеменде электронды бақылаудағы сотталған адам сүйіктісімен кездесу үшін геоаймақтан екі рет шығып кеткен.

Пробация қызметкерлері қозғалыс орындарын – тұрғылықты орны мен жұмыс орнын алдын ала анықтады. Ер адам шектеуді қасақана бұзғаны анықталды.

Алғашқы жағдайдан кейін ол ескерту алды. Алайда, ескертуді екінші рет бұзғаны үшін сот электронды бақылауды бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырды.