Ішімдік сатудан бас тартқан: Ақтауда сатушы әйелді ұрып, қашып кеткен күдікті ұсталды (ВИДЕО)

Автор: Мөлдір Қазыбай

Полиция департаментінің мәліметінше, дүкенші сағат 23:00-ден кейін ішімдік сатудан бас тартқан

Фото: Видеодан скрин

Ақтау қаласында сатушы әйелді жағынан ұрып, артынша дүкеннен қашып кеткен күдікті ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Маңғыстау облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, дүкенші сағат 23:00-ден кейін ішімдік сатудан бас тартқан.

Lada.kz мәліметінше, күдікті ұсталып, қазір қамауға алынған.

«Күдікті қолға түсті. Бұзақылық бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды», - делінген облыстық ПД хабарламасында.

Айта кетейік, әлеуметтік желіде дүкенде болған оқыс оқиғаның видеосы тарағаны хабарланған болатын.