Германияға көшіп кеткен неміс азаматтары Қазақстанның әнұранын орындап, жұртты елжіретті (ВИДЕО)
Германияға көшіп кеткен неміс халқы Қазақстанға деген махаббатын көрсетті

Германияға көшіп кеткен неміс азаматтары мерекелік жиындарын Қазақстанның әнұранын орындаудан бастады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Видеоға мән берсек, әнұранымыз шырқалып тұр. Ал дастарханда тұрған торттың бетінде Қазақстан мен Германияның тулары көрініс тапқан. Ал соңында екі елдің туларын біріктіріп шығарғаны байқалады.
Желі қолданушылары неміс азаматтарына алғыс білдіріп, түрлі пікір қалдырды.
«Алғыс айта білу – жаныңның таза екенінің көрінісі», «Алғыс айту неміс халқының қанына сіңген», «Туған жеріне деген сағыныштың белгісі ғой», - деп жазды желі қолданушылары.
Айта кетейік, осыған дейін 23 жыл бұрын Қазақстаннан Германияға көшіп кеткен ер адам сағынышын айтқаны хабарланған болатын.