13.05.2025, 23:42
Жаңалықтар
Павлодар облысында бір ай бұрын Ертіс өзеніне батып кеткен ер адамның мәйіті табылды
Бір ай бұрын Ертіс өзеніне батып кеткен ер адамның денесі шамамен 60 км жерден табылды
Фото: Павлодар облысы ТЖД
Павлодар облысында осыдан бір ай бұрын Ертіс өзеніне секіріп, сол қалпы қайтып шықпаған ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Kerek.pv Telegram каналының мәліметінше, марқұмның денесі Железинка ауылынан 8 шақырым жерде табылған.
Еске салайық, Павлодар облысында Ертіс өзенінің жағасына демалуға келген топ үшін оқиға қайғылы жағдайға айналды. Ер адамдардың бірі түнде суға түсіп, сол қалпы қайтып шықпаған. Оқиға 12 сәуір күні Тереңкөл ауданындағы Береговое ауылына жақын жерде болған.
Айта кетерлігі, оқиға болған Береговое ауылы мен мәйіт табылған Железинка ауылының арасы Google Maps-та шамамен 60 км алшақ жатқаны көрсетілген.
Көп оқылған
14.09.2026, 11:08
«Шайырдың шалдары, қайдасыңдар?»: Маңғыстаудағы айтысқа мас шыққан «Алтын домбыра» иегері Мақсат Ақанов жазаланды
14.09.2026, 11:48
Жамбыл облысында дронның көмегімен ер адамның бүтін бір есірткі алқабын өсіргені анықталды (ВИДЕО)
14.09.2026, 16:20
«Кедейді байытып, бедеулікті емдейді»: Қазақстанда ұрғашы қасқырдың қынабы 90 мың теңгеден сатылып жатыр