8 маусымға арналған ауа райы болжамы
Дүйсенбі күні еліміздің басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады
Республиканың батысы мен оңтүстігінде ауа райы құбылмалы болады, кей жерлерде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Қазгидромет .
Сонымен қатар еліміздің кейбір өңірлерінде жел күшейіп, оңтүстікте шаңды дауыл тұрады. Шығыста түнде кей жерлерде тұман түседі деп болжанып отыр.
Батыс Қазақстан, Алматы, Түркістан, күндіз Жамбыл облысының кей жерлерінде найзағай ойнайды, Жамбыл және Түркістан облыстарында желдің күші секундына 15-20 метрге дейін күшейіп, шаңды дауыл болады.
Қарағанды, Қызылорда, күндіз Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел секундына 15-20 метрге күшейеді, Қызылорда облысында шаңды дауыл көтеріледі.
Түнде Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде тұман түседі.
Атырау облысында күндіз қатты ыстық болады.
Қызылорда, Жамбыл облыстарында, Қарағанды, Павлодар облыстарының басым бөлігінде, Түркістан, Алматы, Ақмола облыстарының кей жерлерінде, Ақтөбе облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.