$ 546.36  630.44  6.7
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Вьетнамға арзан билет бар»: елордада алаяқ 70-тен астам адамды алдап, 17 млн теңге «тапқан»

Туристер әуе билеттеріне тапсырыс жоқ екенін ұшар алдында, әуежайда бір-ақ білген

«Вьетнамға арзан билет бар»: елордада алаяқ 70-тен астам адамды алдап, 17 млн теңге «тапқан»
Фото: freepik.com

Астаналық тұрғынның алаяқтық әрекетінен 70-тен астам азамат Вьетнамға демалысқа бара алмай қалды. Олардың туристік жолдамалары жойылып, жәбірленушілер айтарлықтай қаржылық шығынға ұшырады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Кінәлі тұлға әуе билеттерін нарықтан төмен бағамен ұсынып, клиенттеріне оларды арнайы байланыс арқылы сатып алатынына сендірген. Алайда, ол шынайы билеттердің орнына жалған маршруттық түбіртектерді берген. Туристер әуе билеттеріне тапсырыс жоқ екенін ұшар алдында, әуежайда бір-ақ білген.

«Зардап шеккендер арасында ересектер де, балалар да бар. Жалпы материалдық шығын 17 млн теңгеден асты. Адамдар тек ақшаларынан ғана емес, көптен күткен демалыстарынан да айырылды – төленген қонақүйлер, экскурсиялар және басқа да шығындар өтелмеген.

Алаяқ әйел 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасына сотталды. Келтірілген материалдық шығын сотталғаннан өндірілді», - делінген қалалық прокуратура хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары