$ 513.74  569.17  6.33
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ақтөбеде таныс әйелді кепілге алып, ата-анасын өлтірген: күдіктіге қатысты тың мәлімет жарияланды

Екі адамды өлтіру дерегі бойынша қылмыстық тергеу аяқталды

Ақтөбеде таныс әйелді кепілге алып, ата-анасын өлтірген: күдіктіге қатысты тың мәлімет жарияланды
Фото: instagram.com/aktobe_live/

Ақтөбе қаласында ер адам танысымен жанжалдасып қалғаннан кейін оның анасы мен өгей әкесін өлтіргені анықталды. Ал танысын қамауда ұстаған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оқиғаға қатысты облыстық прокуратура тергеу жүргізді.

«Арлан» арнайы бөлімшесінің жедел әрекеттерінің нәтижесінде жәбірленуші босатылып, күдікті оқиға орнында ұсталды.

Облыс прокуратурасымен іс ерекше бақылауға алынып, процестік прокурорлар тобы тағайындалды.

«Күдіктіге ҚК-тің 99-бабының 2-бөлігінің 1,3,5 тармақтары (екi немесе одан көп адамды өлтіру), 126-бабының 2-бөлігінің 3,4 тармақтары (өмірі мен денсаулығына қауіпті күш қолдану арқылы заңсыз бостандығынан айыру) және 107-бабының 1-бөлігі (денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру), яғни екі немесе одан көп адамды аса қатыгездікпен өлтіру, сондай-ақ күш қолдану арқылы бостандығынан заңсыз айыру баптары бойынша айып тағылды.

Сотта мемлекеттік айыптауды процестік прокурор қолдайтын болады», - делінген прокуратура хабарламасында.

Айта кетейік, осыған дейін Ақтөбеде қылмыскер қорада кепілге алған екі адам қаза тапқаны хабарланған болатын. Біреуі ауруханаға барар жолда, ал екіншісі операция үстелінде көз жұмған.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#Ақтөбе