Қалада су құбыры жарылған
11 мамыр күні Ақтау қаласының бірнеше шағынауданында ауыз су беру уақытша тоқтатылды. Бұл туралы lada.kz басылымы жазды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Каспий жылу, су арнасы» мемлекеттік кәсіпорнының мәліметінше, 22-шағынауданда су құбыры жарылып, салдарынан бірнеше тұрғын үй мен нысандар сусыз қалды. Қазір апат орнына жөндеу бригадасы жіберілген.
Ауыз су толықтай тоқтаған мекендер қатарына мыналар кіреді:
Кәсіпорын өкілдері ауыз судың берілуі шамамен 11 мамыр кешкі сағат 20:00-де қайта қалпына келтірілетінін мәлімдеді. Жөндеу жұмыстары аяқталған соң су беру біртіндеп қалпына келтірілмек.