ТЖМ қызметкерлері өрт кезінде үш адамды құтқарды
Ақтөбе қаласында көпқабатты үйде үш адам тірідей өртеніп кете жаздады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оқыс оқиға Ақтөбе қаласының Астана ауданындағы бес қабатты тұрғын үйдің екінші қабатында болды. Пәтерде жиһаз қызыл жалынға оранған.
«Түтін басқан подъезден өрт сөндірушілер 3 адамды құтқарды. Өрт сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.
ТЖМ өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады», - делінген ТЖМ хабарламасында.