«Ұлы дала жорығы»: марафон-бәйгенің бірінші кезеңі аяқталды
Бірінші кезең қорытындысы бойынша, Ұлытау облысының командасы жеңімпаз атанды

Халықаралық «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесінің бірінші кезеңі аяқталды. Таңғы 7.00-де 19 команда Алматы облысы, Қонаев қаласының маңынан жорықты бастап, Алматы облысының аумағындағы Бақбақты ауылының маңынан аяқтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бірінші кезең қорытындысы бойынша, Ұлытау облысының командасы жеңімпаз атанды. Қарағанды облысының шабандоздары мәре сызығына екінші болып жетсе, Қырғызстанның бірінші командасы үштікті түйіндеді.
Жол қашықтығы 500 шақырымды құрайды және бағыт Алматы облысының аумағын қамтиды. Марафон 14 мамыр күні Қонаев қаласында аяқталады.
1-күн қорытындысы |
||
№ |
Команда атауы |
100 км |
1 |
Ұлытау облысы |
5:33:37 |
|
||
2 |
Қарағанды облысы |
5:33:39 |
|
||
3 |
Қырғызстанның бірінші командасы |
5:35:49 |
|
||
4 |
Шығыс Қазақстан облысы |
5:39:35 |
|
||
5 |
Маңғыстау облысы |
5:40:07 |
|
||
6 |
Алматы облысы |
5:43:04 |
|
||
7 |
Абай облысы |
5:46:42 |
|
||
8 |
Жетісу облымы |
5:49:18 |
|
||
9 |
Астана қаласы |
6:00:59 |
|
||
10 |
Жамбыл облысы |
6:05:05 |
|
||
11 |
Қырғызстанның екінші командасы |
6:07:02 |
|
||
12 |
Батыс Қазақстан облысы |
6:20:58 |
|
||
13 |
РФ Татарстан |
6:27:29 |
|
||
14 |
Ақмола облысы |
6:31:48 |
|
||
15 |
Атырау облысы |
6:57:58 |
|
||
16 |
Қостанай облысы |
7:09:58 |
|
||
17 |
Мажарстан |
7:38:31 |
|
||
18 |
Иран |
7:41:35 |
|
||
19 |
Оңтүстік Африка |
7:52:56 |
|
Спорттық іс-шара AMANAT партиясы және Алматы облысының әкімдігінің қолдауымен өтіп жатыр.
Жобаның басты серіктесі: ҚР Ұлттық спорт қауымдастығы, «Alageum Electric» компаниясы.
Ақпараттық серіктестер: «Хабар», «Қазақстан» «Астана» телеарналары.
«Ұлы Дала Жорығы» – үздік жылқы тұқымы анықталатын далалық лаборатория.
Марафон жаңалықтарын www.joryq.kz ресми сайтында, әлеуметтік желілерде бақылаңыз: fb - JORYQ, Instagram - joryqofficial, Tik-Tok - JORYQ, youtube - JORYQ.