09.05.2025, 23:29
Жаңалықтар
Елордада Жеңіс күніне арналған мерекелік отшашу болды (ВИДЕО)
Оны 70 мыңнан астам адам тамашалады
Фото: елорда әкімдігінің ресми сайты
Астанада Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай демеушілік қаражат есебінен ұйымдастырылған мерекелік отшашу өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Елорда әкімдігі ресми сайтының мәліметінше отшашу сағат 22:00-де қаланың екі орнынан – Атырау көпірі маңынан (қалалық жағалау) және Ботаникалық саябақ аумағынан атылды. Отшашу 5 минутқа созылып, әр жерден 4 мыңға жуық мәрте атылды. Оны 70 мыңнан астам адам тамашалады.
Мерекелік отшашу Жеңіс күніне арналған ауқымды іс-шаралар бағдарламасының бір бөлігі болды. Елордада барлығы 100-ден астам түрлі іс-шара, оның ішінде концерттер, қойылымдар, ғылыми конференциялар, мектептердегі тәрбие сағаттары және басқа да патриоттық шаралар өтті.

Көп оқылған
28.09.2026, 17:24
«Жиналысты азайтамыз»: су жаңа Қорғаныс министрі жаңа қызметте бірінші кеңесін өткізді
28.09.2026, 12:40
«Қаралы күн, біз үшін өліп пе?»: сарбаздардың рухына тіл тигізген ер адам қамауға алынды (ВИДЕО)
28.09.2026, 12:21
Жеті күн ішінде қаржы есебі, он күнде арнайы жоспары дайын болу керек: Қарин әскердегі реформа туралы нақты даталарды атады
28.09.2026, 15:35
Қазақстан аумағында бір күнде үш мәрте жер сілкінді