«Фууу, қабақтай екен ғой»: танымал жайдарманшының әйелі қалай танысқандарын айтып берді

Автор: Алмас Ерсін

Бүгінде отбасының 4 баласы бар

Фото: instagram.com/ulan.bbc/

"Байдың балалары» КВН тобының белді ойыншысы Ұлан Мықтыбектің әйелі жарымен қалай танысқанын айтып берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бүгінде олардың отбасын құрғанына 8 жыл болған. 4 баласы бар.

«Біз ВК арқылы таныстық. Бірінші өзім жаздым. Құрбым КВН-ге билет алып қойған екен, барайық деп қоймай алып барды. Оған дейін «Жайдарман» дегенге қызықпайтын едім. Ұланды алғаш рет сахнадан көрдім. Кейін Ютубтағы видеоларын көре бастадым. Бірінші күні «фууу, қабақтай, қай жерін жақсы көреді» деген едім. Кейін шынымен ұната бастадым. Дос болдық. Туған күніне шақырды. Сөйтіп отбасын құрдық», - дейді жайдарманшының жұбайы.