$ 509.51  570.6  6.3
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Елімізде алғаш рет қашықтықтан роботтандырылған ота жасалды

Ота шамамен екі сағатқа созылды

Елімізде алғаш рет қашықтықтан роботтандырылған ота жасалды
Фото: Денсаулық сақтау министрлігі

Қазақстанда алғаш рет ісікті алып тастау бойынша қашықтықтан роботтандырылған операция жасалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше бірегей хирургиялық ота Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтында Бейжің университетінің Бірінші ауруханасымен бірлесіп жасалған. Оған Sagebot SR–2000 роботтандырылған хирургиялық жүйесі қолданылды.  

«Операцияны доктор Ли Сюэ Сун (М.D., Рh.D.) Бейжің қаласында (ҚХР) және заманауи телекоммуникациялық технологияларды қолдана отырып, қашықтан басқарды», - деп жазылған хабарламада.

Алматыда (Қазақстанда) операцияның барысын бақылауды ҚазОРҒЗИ хирург-дәрігері, PhD Хусан Талипбайұлы Өмірзақов жүзеге асырды.

Роботтандырылған хирургия урология, гинекология және жалпы хирургия сияқты салалардағы ең заманауи және тиімді әдістердің бірі саналады.

Бұл әдіс лапароскопияның артықшылықтарын — аз инвазивті қолжетімділікті және тіндердің ең төмен жарақаттануын — 3D-бейнелеу мүмкіндіктерімен, қозғалыстың жоғары дәлдігімен және интеллектуалды бақылау жүйелерімен біріктіреді.  

Серіктес жаңалықтары