08.05.2025, 07:52
Жаңалықтар
Оралда көңілді отырыстан кейін үй иесі құтқарушыларды шақыруға мәжбүр болды
Балалар құтқарушыларды көріп қуанды
Фото: ТЖМ
Оралда дәлізге қонақтарды шығарып салуға шыққан әйел құтқарушыларды шақыруға мәжбүр болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Орал қаласында құтқарушыларға әйел адам көмек сұрап хабарласты. Ол дәлізге қонақтарды шығарып салуға шыққан кезде есік жабылып қалған, пәтерде 2018 және 2023 жылы туған балалар қалып қойған», - деп жазылған хабарламада.
Құтқарушылар арнайы құралдардың көмегімен пәтердің есігін ашты. Балалар құтқарушыларды көріп қуанды, ал анасы құтқарушыларға алғысын білдірді.
Көп оқылған
29.09.2026, 13:55
Бес жасар қыз баланы балабақша қызметкері бірнеше рет зорлаған: іске президенттің қызы араласты (ВИДЕО)
29.09.2026, 14:25
«16 жеріне пышақ сұққан»: Астанада әйел адамның өлімінен кейін 4 экс-полицей ұсталды (ВИДЕО)
29.09.2026, 09:32
«Қалай болғанда да жетемін»: Қостанай облысында екі көлік бетпе-бет соғылып, бір адам көз жұмды
29.09.2026, 17:39
«Мен де аза тұтуым керек пе?»: блогер Ирина Антоненко қаралы күні эфирде билеп, былапыт сөздер айтты (ВИДЕО)
29.09.2026, 13:35
Астанада жүкті әйелдің егіз сәбиі шетінеп кетті