Астанадағы әскери парадта ардагерлерге құрмет көрсетілді

Автор: Дәулет Ботагөз

Ақорданың баспасөз қызметі трибунадан түсірілген әсерлі фотоларды бөлісті

Фото: Ақорда

Астанада өткен Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парадтың ең басты қонақтары – Ұлы Отан соғысының ардагерлері болды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлап, трибунадан түсірілген әсерлі фотолармен бөлісті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

Салтанатты шараға келген ардагерлер – халқымыздың жанқияр ерлігі мен жеңіске деген сенімінің тірі куәгерлері. Оларға арнайы құрмет көрсетіліп, парад алаңында құрметті орындар берілді.

«Бүгінгі әскери парадқа қатысқан ардагерлерге ерекше ықылас пен сый-құрмет көрсетілді», – делінген Ақорда таратқан хабарламада.

Ардагерлерге деген халық ықыласы мен құрметі – Жеңістің ұмытылмас рухын жаңғыртты. Парадтың жүрегі – дәл осы майдангерлердің бейнесі мен олар көрсеткен ерлікке тағзым болды.