$ 510.84  579.7  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ақтөбеде үш жасар бүлдіршін бесінші қабаттан құлап кетті: полиция оның ата-анасы жазалады

Полиция департаменті оқиғаға қатысты түсініктеме берді

Ақтөбеде үш жасар бүлдіршін бесінші қабаттан құлап кетті: полиция оның ата-анасы жазалады
Фото: istockphoto.com

Ақтөбеде 5 мамыр күні үш жасар бүлдіршін көпқабатты үйдің бесінші қабатынан құлап кетті. Оқыс оқиға салдарынан бала жарақат алып, медициналық мекемеге жатқызылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оқиға бойынша баланың ата-анасы кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін жауапқа тартылатын болады.

«Полиция департаменті ата-аналарға балалардың терезеден құлауының алдын алу мақсатында қауіпсіздік шараларын сақтау қажеттігін еске салады.

Терезелерге қорғаныс құрылғыларын орнатуға, балалардың қараусыз қалуына жол бермеуге, сондай-ақ, балаларға терезе саңылауларының жанында ойнаудың қауіптілігін түсіндіруге ерекше назар аудару керек», - делінген облыстық ПД хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары