$ 510.06  566.32  6.32
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алматыда ашық аспан астындағы әскери техника мұражайы ашылды

Мұражайда соғыс жылдарында кеңес әскерлері қаруланған әскери техниканы көруге болады

Алматыда ашық аспан астындағы әскери техника мұражайы ашылды
Фото: Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Алматыда ашық аспан астындағы әскери техника мұражайы ашылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жиынды Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Шайх-Хасан Жазықбаев ашты.

«Бұл мұражай бүгінгі буынға қазақстандық жауынгерлер – Бауыржан Момышұлы, Сағадат Нұрмағамбетов, Талғат Бигелдинов, Сергей Луганский, Рахымжан Қошқарбаев, Қасым Қайсенов, Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова және тағы басқа батырлардың сұрапыл соғыс жылдарынан қалған жәдігерлерін көрсететін орын», – деді ол.

Қорғаныс министрлігінің мәліметінше 28 панфиловшылар саябағына және Армия үйіне келушілер Ұлы Отан соғысы жылдарында кеңес әскерлері қаруланған әскери техниканы, яғни Т-34, Т-44, Т-55 танктерін, 1931 жылғы 230 мм гаубицаларын және «Катюша» реактивті артиллериясының әйгілі БМ-13 жауынгерлік машинасын көре алады.

Биыл сондай-ақ, Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай Армия үйі қалпына келтірілді. Оның алдыңғы жағында жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру үрдістерін көрсететін заманауи барельеф орнатылған.

Армия үйінің ғимаратында Ұлттық әскери-патриоттық орталықтың филиалы бар.  Ашылғаннан кейін онда балалар әскери-патриоттық клубтары жұмыс істей бастайды. Концерттік және мәрмәр залдарда, Жауынгерлік даңқ мұражайында күрделі жөндеу жүргізілді. Балалардың әскери-патриоттық фильмдерін түсіру үшін үлкен заманауи кинопавильон құрылды.

«Алматы үшін Армия үйінің мәдени маңызы зор. Ғимарат сәулет ескерткіші ретінде белгілі. Біз қаланың және бүкіл Қазақстанның ең қасиетті көрікті жерлерінің бірі ретінде оның таза келбетін қастерлеп, сақтауға міндеттіміз, – деп атап өтті Шайх-Хасан Жазықбаев.

Серіктес жаңалықтары