7 мамыр күні мереке құрметіне концерттер мен әскери шерудің тікелей эфирі өтеді
Астана әкімдігінің сайтында 7 мамырда елордада өтетін әскери парадқа кімдер шақырылғаны туралы ақпарат жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Шеру өтетін жерде қауіпсіздік пен бақылау шаралары күшейтіледі. Оған Ұлы Отан соғысының ардагерлері, тыл еңбеккерлері, әскери іс-қимылдардың ардагерлері, ҚР Қарулы Күштерінің үздік бөлімшелері, құрмет қарауыл роталары, ҚР Қарулы Күштерінің, өзге де әскерлер мен әскери құралымдардың, әскери құқық қорғау органдарының және т.б. ардагерлері шақырылды.
Елордада 7 мамыр күні мереке құрметіне концерттер мен әскери шерудің тікелей эфирі өтеді. Сағат 11:00-ден бастап үлкен LED экрандарда шеру бірден бірнеше орында көрсетіледі:
Сонымен қатар іс-шара республикалық телеарналардың тікелей эфирінде көрсетіледі.
Әкімдік мына жайттарға назар аударуды сұрады:
Көрсетілген учаскелерден өту және жол жүру барлық іс-шара аяқталғаннан кейін қайта жанданады.