Қазақстанда доллардың құны 522 теңгеге жетті

Автор: Асыл Арман

Доллардың ресми бағамы – 516,16 теңге

Фото: freepik.com

Қазақстанда доллардың құны күннен күнге қымбаттап барады. Бүгін америкалық валютаның құны 522 теңгеге жетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қазақстанның қор биржасында (KASE) күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 518,53 теңгені құрап, 2,33 теңгеге өсті. 

ҚР Ұлттық Банкі доллардың ресми бағамын 516,16 теңге етіп белгіледі.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі сәтте Алматының айырбастау пунктерінде долларды сатып алудың орташа бағамы 516,96 теңгеге, сату 518,91 теңгеге тең. Астананың айырбастау пунктерінде доллар орташа есеппен 514,6 теңгеден сатып алынады, 521,53 теңгеден сатылады.