Республиканың көптеген аймағында жел күшейеді
5 мамыр күні Қазақстанның бірқатар өңірінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Бұл туралы синоптиктердің ауа райына қатысты ескертуінде айтылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Қазгидрометтің» мәліметінше, еліміздің батысы мен шығысында атмосфералық фронттардың әсерінен найзағайлы жаңбыр жауады, ал батыста жаңбыр қатты жауып, бұршақ түсуі мүмкін. Елдің қалған аумағында антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз жылы ауа райы сақталады.
Сондай-ақ республиканың көптеген аймағында жел күшейеді, ал оңтүстікте шаңды дауыл тұруы ықтимал. Акмола облысының батысы мен оңтүстігінде, Батыс Қазақстан мен Ақтөбе облыстарының солтүстігі мен шығысында топырақ бетінде -1°С-қа дейін үсік жүреді деп болжануда.
Синоптиктер ескерткен жоғары өрт қауіпі сақталатын өңірлер:
Түркістан облысының шөлді өңірлерінде, сондай-ақ Қызылорда облысының шығысы мен орталығында ерекше жоғары өрт қаупі сақталады.