Бұл көшелердің жалпы ұзындығы 100 шақырымды құрайды
Нұр-Сұлтанда жол салу жұмыстары белсенді жүріп жатыр. Биыл елордада жалпы ұзындығы 100 шақырымды құрайтын 150 көше жөнделеді. Оның 100 көшесі тұрғын алаптарында орналасқан, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Кейбір тұрғындар мұнда 20 жылдан бері тұрады. Бізге асфальт төседі. Ол біздің бұрыннан бергі арманымыз еді. Өркениет бізге де жетті. Қуанышымыз басылар емес. Асфальт төсегенде барлық тұрғындар жиналып, үстінен жүріп өттік», - деді Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабының тұрғыны Лаура Сұлтанбекова.
Қазіргі уақытта 30 көшеде жұмыс жүріп жатыр. Жол жөндеу жұмыстарымен елорданың барлық тұрғын алаптары қамтылады.