Турнир Тәжікстанның Душанбе қаласында өтіп жатыр
Дзюдодан Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Абиба Әбужақынова Душанбеде (Тәжікстан) өтіп жатқан Grand Slam турнирінің қола жүлдегері атанды. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі ҰОК-тың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Дзюдошы 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сәтті өнер көрсетті. Әбужақынова жартылай финалға дейін жетіп, Қытай спортшысы Вэньне Чжуанға жол берді.
Үшінші орын үшін өткен белдесуде ол өзбекстандық Улбусин Хакимовамен кездесіп, тиімді әдіс арқылы кездесуді мерзімінен бұрын аяқтап жеңіске жетті.
Осылайша, Қазақстан құрамасы бірінші жарыс күнін бір медальмен аяқтады.