$ 516.01  582.47  6.26
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Риддерде құрылыс саласында алаяқтық жасаған күдікті 7 жылға сотталуы мүмкін

Облыстық Полиция департаменті түсініктеме берді

Риддерде құрылыс саласында алаяқтық жасаған күдікті 7 жылға сотталуы мүмкін
Фото: freepik.com

ШҚО-ның Риддер қаласында ер адам құрылыс саласындағы алаяқтық бойынша күдікке ілінді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Облыстық ПД мәліметінше, Риддер қаласының тұрғыны интернет-ресурстарда құрылыс және жөндеу жұмыстары бойынша жалған хабарландырулар орналастырған. Ол жалған мердігерлік шарттар жасасу арқылы жерлестерінің ақшалай қаражатын иемденіп, өзіне алған міндеттемелерді орындамаған. Оның әрекеттері салдарынан кемінде бес адам елеулі материалдық шығынға ұшырады.

«Тергеу барысында күдікті кінәсін мойындады. Аталған факті бойынша «Алаяқтық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Қазіргі уақытта қажетті тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.

Атап өтейік, бұл баптың санкциясында 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығын шектеу не айыру жазасы көзделген.

Полиция азаматтарды интернет арқылы мәміле жасағанда қырағы болуға шақырады. Қызмет ақысын төлемес бұрын, мердігердің беделін, шынайы пікірлердің бар-жоғын, ресми құжаттарын тексеріп, тек сенімді компаниялармен шарт жасасу қажет», - делінген облыстық ПД хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары