СҚО-да құтқарушылар су басқан үйлердің жануарларын құтқарып жатыр (ВИДЕО)

Автор: Мөлдір Қазыбай

Қызылжар ауданында екі ауылда су тасқынымен күрес қызу жүріп жатыр

Фото: Видеодан скрин

СҚО-да су тасқынымен күрес күндіз-түні жүріп жатыр. Құтқарушылар су басқан үйлердің жануарларын құтқарып жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy

Қарағандылық құтқарушылар СҚО-дағы су тасқынымен күресуде

Қарағанды облысының құтқарушылары Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Долматово және Вагулино ауылдарында су тасқынына қарсы іс-шараларға белсене қатысуда.

«Инертті материалдар салынған қаптар дайындалып, қорғаныс бекіністері нығайтылуда.

Құтқарушылар жұмысының негізгі мақсаты – қауіпсіздік пен халықты қорғау», - делінген ҚР ТЖМ хабарламасында.