$ 513.74  569.17  6.33
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Израильде бұрын-соңды болмаған орман өрті болып жатыр

Өрт сөндірушілер әзірге өртті ауыздықтап үлгермеген

Израильде бұрын-соңды болмаған орман өрті болып жатыр
Фото: Anadolu

Израиль тарихында бұрын-соңды болмаған орман өрті болып жатыр. Иерусалим мен Тель-Авив арасындағы Эштаол орманында тұтанған өрт ел тарихындағы ең ірі өрттердің бірі болып отыр. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Anadolu басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл туралы Иерусалим өрт сөндіру және құтқару қызметі округінің қолбасшысы Шмулик Фридман мәлімдеді, деп хабарлайды Израиль мемлекеттік телеарнасы KAN.

«Біз өте үлкен өрттің ортасында тұрмыз, мүмкін бұл – ел бұрын-соңды көрген ең үлкен өрт», - деді Шмулик Фридман.

Оның айтуынша, өрт сөндірушілер әзірге өртті ауыздықтап үлгермеген. Фридман сол соқиғаның себебі әлі анықталмағанын айтты.

Билік өкілдерінің айтуынша, қазірге дейін бес елді мекен көшірілген. Израиль осыған байланысты Грекия, Хорватия және Италия сияқты алты елден халықаралық көмек сұрады.

Жел өрттің тез таралуына ықпал етеді. Өртті сөндіруге 12 ұшақ пен 50 өрт сөндіру бригадасы жұмылдырылды.

Серіктес жаңалықтары