Шымкентте спорт басқармасы ескі ғимаратты 3,6 млрд теңгеге сатып алмақ болды
Шымкенттегі 12 млрд теңгеге орынсыз жұмсалмақ болды

Шымкентте сыбайлас жемқорлық қаупі жоғары салаларда 33 заң бұзушылық анықталды. Тексеруді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің мамандары жүргізді. Белгілі болғандай, Спорт басқармасы ескі ғимаратты 4 миллиард теңгеге жуық ақшаға сатып алынбақ болған. Бұл туралы Azattyq Rýhyагенттігі Otyrar.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Спорт басқармасы 1995 жылы салынған ғимаратты сатып алу үшін бюджеттен 3,6 млрд теңге жұмсауды жоспарлаған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мәліметінше, нысан ескірген және тым қымбат бағаланған. Антикордың араласуынан кейін ақша бюджетке қайтарылды.
«Нақты нормативтік құжаттардың жоқтығынан ғимаратты қашан сатып алуға болады, қай жылы салынған, қандай жағдайда шенеуніктер нысандарды өздері таңдайды. Бұл жағдайда біздің ұсынысымыз бойынша мәміле бұзылып, ақша қайтарылды», - дейді Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің басшысы Жандос Бекасанов.
№119 мектепке құрал-жабдық сатып алу да назар аударарлық жағдай болды. Биология кабинетіне бастапқыда 685 миллион теңге бөлінген. Сыбайлас жемқорлықпен күресушілердің араласуынан кейін бұл сома 100 есеге азайды – 6,8 млн.
«Соманың көтерілуіне маманның қателігі себеп болды. Бірақ мұндай жоспарға қол қойған шенеуніктер шындыққа жанаспайтын сатып алуды мақұлдағаны үшін жауапқа тартылды», - дейді Жандос Бекасанов.
Шымкентте жыл басынан бері 12 миллиард теңгеге жуық қаржы талан-таражға түсуінің алды алынды.