Олар Нью-Йорктен Ташкентке жеткізілді
АҚШ билігі Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстан азаматтарын елден депортациялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy DW-ге сілтеме жасап хабарлайды.
АҚШ-тың Ішкі қауіпсіздік министрлігі мәлімдегендей, 131 заңсыз мигрант арнайы чартерлік рейспен Нью-Йорктен Ташкентке жеткізіледі. Олардың қатарында қазақстандықтар да бар.
Өзбекстан тарапы өз азаматтарының депортациясына байланысты барлық шығынды өз мойнына алған. Елдің Сыртқы істер министрлігі хабарлағандай, рейс 30 сәуірге жоспарланған.
Депортацияланған азаматтар визалық режимді бұзған немесе АҚШ-та болу мерзімі аяқталған адамдар екені атап өтілді. Қазақстандық тарап әзірге ресми түсініктеме берген жоқ.