Елордада қай көшелер жабылатыны белгілі болды
Астанада 1 мамыр күні «Бірлік жүгірісі 2025» республикалық жарысы өтеді. Іс-шараны өткізу кезінде көшелердің бір бөлігі жабылады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің Azattyq Rýhy.
Қала әкімдігінің мәліметінше, жарыстың басталуы EXPO маңында өтеді. Іс-шараны өткізу кезінде Түркістан мен Ақмешіт көшелерінің учаскелеріндегі қозғалыс мына кесте бойынша жабылады:
30 сәуір күні кешкі сағат 20:00-ден бастап Түркістан көшесінде EXPO жанында арка орнату үшін;
1 мамыр күні сағат 6:45-тен 10:00-ге дейін Ақмешіт, Түркістан көшелері EXPO-дан «Бәйтерек» монументіне дейінгі аралықта.
Жүгіру қашықтығы:
Қатысушылардың жиналуы 1 мамыр күні таңғы сағат 05:30-да басталады. Таңғы 7-ден бастап жүгіру басталады.