Көшедегі жол жөндеу жұмыстары 20 маусымға дейін жалғасады
Байтұрсынов көшесінле, Қошқарбаев көшесінен бастап Тәуелсіздік даңғылына дейінгі жол учаскесі жөнделеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің сайты.
Қалалық көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы осыған байланысты, 20 маусымға дейін көлік жүргізушілеріне маршруттарын алдын ала жоспарлап алуды өтінеді.
«5-20 маусым аралығында осы учаскеде көлік қозғалысын ішінара тоқтату жоспарланған. Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмау үшін маршрутын алдын-ала жоспарлауы керек. Қолайсыздық туғызсақ, кешірім өтінеміз және жөндеу жұмыстарына түсіністік танытуларыңызды сұраймыз», - делінген әкімдіктің хабарламасында.