Түркияда алаяқтық бойынша іздеуде жүрген ер адам Алматы әуежайында қолға түсті

Автор: Асыл Арман

Күдікті 67 адамның ақшасын иемденіп, Түркия елінен бой тасалаған

Фото: Polisia.kz

Түркияның құқық қорғау органдары алаяқтық бойынша іздеу салған ер адам Алматы әуежайында ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

ҚР ІІМ мәліметінше, Алматы қаласының халықаралық әуежайында ІІМ Интерпол ҰОБ-ның сұрауы бойынша желілік полиция бөлімінің қызметкерлері 67 интернет-алаяқтық фактісі бойынша Түркияның құқық қорғау органдарымен халықаралық іздеуде жүрген шетелдік азаматты ұстады.

«Күдікті 2018 жылы үй жануарларын сату туралы жалған интернет-жарнама арқылы жәбірленушілерді алдап, 67 адамның ақшасын иемденіп, Түркия елінен бой тасалаған.

Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторында қамап отыр», - делінген хабарламада.