29.04.2025, 20:02
Жаңалықтар
Павлодарда тұрғын үй кешенінен алапат өрт шығып, 162 адам құтқарылды
Көпқабатты үйдің төрт бірдей балконы отқа оранды
Фото: freepik.com
Павлодар қаласындағы тұрғын үй кешенінен алапат өрт шығып, 162 адам құтқарылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Белгілі болғандай, Торайғыров көшесінде орналасқан тоғыз қабатты көп пәтерлі тұрғын үйдің төрт балконы қызыл жалынға оранды.
ТЖМ күштерімен өрт 34 минутта сөндірілді.
«Өрт сөндірушілердің үйлесімді іс-қимылдарының арқасында өрт түскен сәттен бастап 34 минут ішінде сөндіріліп, оның таралуына жол берілмеді.
ТЖМ күштері 162 адамды, оның ішінде 65 баланы эвакуациялады. 54 адам өз бетінше көшеге шықты. Зардап шеккендер бойынша 112 ақпарат түскен жоқ», - делінген ҚР ТЖМ хабарламасында.
Көп оқылған
04.10.2026, 06:19
Домбыра сабағы кезінде баланы ұрған: полиция қылмыстық іс қозғады
04.10.2026, 07:27
Қар аралас жаңбыр, тұман, жел: 4 қазанға арналған ауа райы болжамы
04.10.2026, 10:30
Еліміздің екі қаласында ауа сапасы нашарлайды
04.10.2026, 13:09
Талдықорғанда әйелін қарумен қорқытқан ер адам ұсталды (ВИДЕО)