$ 511.92  588.91  6.44
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Атырау облысында қарақұрт қаптап барады: оны улауға бюджеттен ақша қарастырылмаған

Қарақұрттан әсіресе, Индер ауданының тұрғындары қауіптеніп отыр

Атырау облысында қарақұрт қаптап барады: оны улауға бюджеттен ақша қарастырылмаған
Фото: pixabay.com

Атырау облысында қарақұрт қаптады. Улы жәндіктер аула ішінде, қоғамдық орындарда, тіпті саябақтарда да құжынап жүр. Ал оны улауға бюджеттен ақша қарастырылмаған. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі КТК телеканалына сілтеме жасап хабарлайды.

Қарақұрттан әсіресе, Индер ауданының тұрғындары қауіптеніп отыр. Өйткені соңғы үш жылда бұл жәндік өңірде тым көбейіп кеткен.

Тұрғындар малдан бұрын бала-шағаны шағып ала ма деп қорқады. Мәселен, былтыр улы жәндік шаққан жүздеген төрт түлік арам қатқан. Тіпті адамдар да зиян шеккен көрінеді. Әйтеуір дер кезінде дәрігерге көрініп, аман қалған.

Индер ауданы әкімдігі қарақұртпен күреске бюджеттен қаражат қарастырылмаған дейді. Өйткені бұл улы өрмекшілер зиянкестер қатарына жатпайды екен.

«Индер аудан әкімдігі тарапынан қарақұртты аса қауіпті зиянкес ретінде реестерге тіркеу шарасының қабылдануына ұсыныс жолданды. Қазір қолданыстағы заңға сәйкес, қарақұртпен күрес үшін бюджет есебінен қаражат бөлу мүмкіндігі қарастырылмаған. Алайда жергілікті атқарушы органның ұйымдастыруымен ошақтарын жою, дезинфекциялау жүргізіліп жатыр», - дейді Индер ауданы әкімдігінің аппарат басшысы Айболат Сансызбаев.

Серіктес жаңалықтары