$ 540.87  632.01  6.76
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Павлодар облысында заңсыз жұмыс істеген шетелдіктер қамауға алынды

Жыл басынан бері көші-қон заңнамасы 384 мәрте бұзылған

Павлодар облысында заңсыз жұмыс істеген шетелдіктер қамауға алынды
Фото: Павлодар облысы ПД

Павлодар облысының Аққулы ауданына қарасты Қазы ауылында заңсыз жұмыс істеген шетелдіктер қамауға алынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Облыстық ПД мәліметінше, шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының Халықтың көші қоны саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін шетелдіктерге қатысты әкімшілік материалдар жасалып, сотқа жіберілді. Сот шешіміне сәйкес тәртіп бұзушылар әрқайсысы 3 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Сонымен қатар, мигранттарды заңсыз жұмысқа қабылдаған жұмыс беруші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

«Жыл басынан бері Қазақстан Республикасының Көші-қон саласындағы заңнамасын бұзудың 384 фактісі, сондай-ақ ел заңнамасын бұза отырып, шетелдік жұмыс күшін тартудың 36 жағдайының жолын кесті», - делінген ПД хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары