Ақмола облысында мотоцикл мінген әйел жол апатынан қаза тапты

Автор: Дәулет Ботагөз

Жолда мотоцикл мен жеңіл автокөлік соқтығысты

Фото: instagram.com/nayzakokshe

Ақмола облысында мотоцикл мен жеңіл автокөліктің соқтығысуы салдарынан мотоцикл жолаушысы қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

Оқиға 25 сәуір күні Тайтөбе ауылында орын алған. Алдын ала мәлімет бойынша, «Лада Ларгус» автокөлігінің жүргізушісі Жұбанов көшесіне бұрылу кезінде қарсы бағытта келе жатқан мотоциклмен соқтығысқан.

Мотоциклде 31 жастағы ауыл тұрғыны және оның 28 жастағы жұбайы болған. Екеуі де ауыр жағдайда Астанадағы ауруханалардың бірінің жансақтау бөліміне жеткізілді.

«26 сәуір күні мотоциклдің жолаушысы алған жарақаттарынан көз жұмды. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», – деп мәлімдеді полиция өкілдері.