Базарда ағылшын тілінде сауда жасаған қазақ баласына шетелдіктер таңдай қақты (ВИДЕО)

Автор: Алмас Ерсін

Оқиғаның видеосы әлеуметтік желі арқылы тарап кетті

Иллюстративті фото: pixabay.com

Базарда сувенир сатып тұрған жасөспірімді шетелдік турист видеоға түсіріп алған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ол қонаққа қандай сыйлық алған дұрыс екенін ағылшын тілінде түсіндіріп берген. Балақай «спасибо» деген шетелдікке қазақша «рахмет» деп айту керектігін айтуды да ұмытпады. Бұл оқиғаның видеосы әлеуметтік желі арқылы тарап кетіп, көптің сүйіспеншілігіне бөленді.

Желі қолданушылары баланың қағылездігіне ризашылық білдіріп: «Жарайсың, жігіт!»,«Өз елінің патриоты!»,«Білімді жастар өсіп келеді», деп жазып жатыр.