26.04.2025, 02:06
Жаңалықтар
Солтүстік Қазақстан облысында ауыл тұрғындары эвакуацияланды
Олар үшін эвакуациялық пункттер мен жатақхана дайындалған
Иллюстративті фото: ҚР ТЖМ
Солтүстік Қазақстан облысында Кызылжар ауданының Тепличное ауылында су тасқыны қаупіне байланысты алдын ала эвакуация жүргізу туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy облыс әкімдігіне сілтеме жасап.
Көлікпен тасымалдауға мұқтаж тұрғындар үшін арнайы көлік және жедел жәрдем қызметтері ұйымдастырылды.
«Уақытша орналастыру үшін эвакуациялық пункттер алдын ала дайындалды: Бескөл ауылындағы №2 орта мектеп пен Петропавлдағы Жұмабаев көшесі, 142 мекенжайындағы жатақхана.Оқиға орнында ТЖ қызметтері, жергілікті атқарушы органдар және басқа да жедел қызметтер жұмыс істеуде», - деп жазылған хабарламада.
Тепличное ауылындағы бөгетті нығайту жұмыстары жалғасып жатыр.
Көп оқылған
09.11.2026, 10:31
«Ит үреді, керуен көшеді»: туған қызын ернінен сүйді деген ер адам ел алдына шықты (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды