25.04.2025, 08:58
Жаңалықтар
Түркістан облысында 50 метр тереңдіктегі аңғарға түскен турист қайта шыға алмай қалған
Құтқарушылардан туристің достары көмек сұрады
Фото: ТЖМ
Түркістан облысында 50 метр тереңдіктегі аңғарға түсіп, өз бетінше қайта шыға алмаған турист құтқарылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Түнде Түркістан облысы Төлеби ауданы Мәдени ауылынан 500 метр қашықтықта 1989 жылы туған ер адам 50 метр тереңдіктегі каньонға түсіп, өздігінен көтеріле алмаған», - деп жазылған ТЖМ таратқан хабарламада.
Құтқарушыларға 112 нөмірі арқылы туристің достары хабарласты.
Шақыртуға келген жедел-құтқару жасағының қызметкерлері каньонға түсіп, ер адамды құтқару арқанының көмегімен көтеріп алып шықты.
Көп оқылған
07.10.2026, 16:45
Қазақ ғалымдары шұжықтың ішіндегі ит пен мысық, тышқан мен шошқаның етін лезде анықтайтын тест ойлап тапты
07.10.2026, 11:58
Тоқаев қорғаныс министрінің тағы бір орынбасарын жұмысынан қуды
07.10.2026, 10:58
Миллиардтаған ақшаны ысырап етпек болған: Қазақстан жолдарын жөндеу кезіндегі былықтың беті ашылды
07.10.2026, 13:46
Алматыда ер адам бұрынғы сүйіктісін интимді суреттеріңді таратып жіберемін деп бопсалаған (ВИДЕО)
07.10.2026, 09:48
Қазақстанда алдағы бірнеше күнде ауа райы 27 градусқа дейін жылынады
07.10.2026, 18:00
Ақтауда балықтан уланған тоғыз жасар бала 20 күннен кейін көз жұмды