Алматының құтқарушылары туристер мен қала тұрғындарына үндеу жолдады

Автор: Алмас Ерсін

Бір апта бойы таудағы қар жамылғысы тұрақсыз болады

Фото: pixabay

25 сәуірде Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаменті тауда демалғысы келетіндерге ескерту жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.  

«Қазгидрометтің» дабылды ескертуі негізінде Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті тауға аттанған демалушыларға 25 - 2 мамыр аралығында қар көшкіні қаупі сақталатынын хабарлады.

Осыған байланысты департамент қызметкерлері:

  •  қарлы тік жартастарға шықпауды,
  • таулы аумақтарда қауіпсіздік шараларын сақтауды сұрайды.